Бокс
3 сәуір 2019 13:32
 
"Канеломен" жұдырықтасу үшін шыдауға болады". Маман Головкинге сын айту күшейетінін ескертті

  Пікірлер

blog.share

Бокс пен MMA туралы жазатын vRINGe.com порталының бас редакторы Антон Горюнов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегіне қарсылас таңдауға қатысты сын күшейерін ескертті. 

"Телессеріктес таңдау сияқты мазалы іс артта. DAZN-мен келісімшартқа қол қойылды, енді бар назарды боксқа аударуға болады. Әрине Головкин үшін бұл жақсы. 

Нақты білмеймін, бірақ, "Канеломен" үшінші жекпе-жек шешілген мәселе сияқты. Биыл қыркүйекте шығар. Мұндай жағдайда Головкиннің келесі жекпе-жекке қарсыласы атақты болмайтыны сөзсіз. Барлық қауіпті барынша төмендету керек. Өйткені өте үлкен қаржы бәске қойылған. 

Ақпараттық ортада бірнеше есім аталды. Көбіне польшалық Камил Шермета мен америкалық Брэндон Адамс. Тексерілмеген проспект пен мықтылығы орташа боксшы. Екеуі де Головкинге рингте қарсылас емес, жекпе-жек ортасына дейін шыдаса, бұл қазақстандықтың қалауымен ғана болады. Ал Головкиннің өзі үшін бұл қан жүгіртіп, шаңын қағып тастау болады. 

GGG нокаутпен жеңеді, ал осыдан кейін таңдалған қарсыласқа қатысты айтылатын сын көбейе түседі. Бірақ "Канеломен" үшінші жекпе-жек үшін шыдауға болады", - дейді Горюнов. 

blog.share
Бокс пен MMA туралы жазатын vRINGe.com порталының бас редакторы Антон Горюнов
Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегіне қарсылас таңдауға қатысты сын күшейерін ескертті. 

"Телессеріктес таңдау сияқты мазалы іс артта. DAZN-мен келісімшартқа қол қойылды, енді бар назарды боксқа аударуға болады. Әрине Головкин үшін бұл жақсы. 

Нақты білмеймін, бірақ, "Канеломен" үшінші жекпе-жек шешілген мәселе сияқты. Биыл қыркүйекте шығар. Мұндай жағдайда Головкиннің келесі жекпе-жекке қарсыласы атақты болмайтыны сөзсіз. Барлық қауіпті барынша төмендету керек. Өйткені өте үлкен қаржы бәске қойылған. 

Ақпараттық ортада бірнеше есім аталды. Көбіне польшалық Камил Шермета мен америкалық Брэндон Адамс. Тексерілмеген проспект пен мықтылығы орташа боксшы. Екеуі де Головкинге рингте қарсылас емес, жекпе-жек ортасына дейін шыдаса, бұл қазақстандықтың қалауымен ғана болады. Ал Головкиннің өзі үшін бұл қан жүгіртіп, шаңын қағып тастау болады. 

GGG нокаутпен жеңеді, ал осыдан кейін таңдалған қарсыласқа қатысты айтылатын сын көбейе түседі. Бірақ "Канеломен" үшінші жекпе-жек үшін шыдауға болады", - дейді Горюнов. 

Жарнама

Живи спортом!