Канеломен жаттығатын қазақ боксшы 11 нокауты бар "Бандитпен" айқасады

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.
Бек рингке 25 қазанда оралады, ол Сан-Джасинтодағы (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысады.
BoxRec мәліметінше, оның қарсыласы "Бандит" лақап атты мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-13-3, 11 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Бек кейінгі рет екі апта ғана бұрын Лас-Вегаста жұдырықтасып, екінші раундта америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын.
Жарнама