Канеломен жаттығатын қазақ бкосшы 18 нокауты бар мексикалықпен айқасады

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 15 сәуір АҚШ-тың Помон қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 15 сәуір АҚШ-тың Помон қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec.com мәліметінше, Әбілханның осы жолғы қарсыласы мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО). Екінші орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Бұл Әбілханның Америкадағы үшінші айқасы болады. Қазіргі таңда қазақ боксшы атақты Сауль Канело Альвареспен бір залда жаттығып жүр.
Жарнама