Сауль Канело Альварестің (62-2-2, 39 КО) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық боксшы бриатнаиялық Крис Юбенкпен (34-3, 25 КО) жекпе-жек бойынша келіссөз өткізіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін боксшылар 2025 жылы айқас өткізу бойынша келіссөз бастады деген ақпарат тараған еді. Тіпті жекпе-жек Лондондағы 80 мың адам сиятын "Уэмбли" стадионында өтетіні де айтылған еді.
"Бұл өтірік. Юбенкте Канломен қыркүйекте айқасуға мүмкіндік болды, ал оның істегені тек келіссөзді қиындату ғана болды. Енді біз онымен байланысқымыз да келмейді. Мен тек шындықты айтамын. Қатты айтқанды ұнатпаймын, бірақ бұл шындық", - дейді бапкер инсайдер Дэн Рафаэльмен сұхбат кезінде.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы Юбенкті бірнеше рет жұдырықтасуға шақырған, алайда британиялық қазақстандық боксшы атақты емес, оның орнына Канеломен айқасты қалайтынын айтқан еді.
12 қазанда Юбенк Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Камил Шереметаны жеңіп, IBO титулын иеленген болатын.