"Канелоға" спарринг серік болған Момынов мексикалық нокаутшымен жекпе-жекке шығады
Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 KO) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегін 22 сәуір АҚШ-тың Уэст-Пойнте қаласындағы бокс кешінде өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Анхель Руис (16-1, 12 КО) болады, боксшының тегі мексикалық.
Момынов америкалық Брайан Себальомен (12-0, 6 КО) 25 наурыз Пуэрто-Рикода жұдырықтасу керек болған, алайда, бұл кездесу белгісіз себептермен өтпей қалды.
Кейінгі рет Момынов рингке 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Қазан қаласында шығып, ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Осының арқасында Бобыржан жартылай орта салмақта IBF Eurasia титулын иеленді.
Сонымен қоса, қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (55-1-2, 37 КО) спарринг серігі болып, мексикалыққа Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке дайындалуға көмектескенімен белгілі.
Жарнама