Бокс
14 ақпан 2022 10:53

"Канелоға" қарсылас болу керек чемпион 10 жылғы сотталуы ықтимал

©boxingscene.com

Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло Техас штатындағы Форт-Бенд округінде шабуыл жасады деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы BoxingScene басылымына сілтеме жасап.

Боксшы отбасы мүшесіне дене жарақатын салған екен, полиция оны осыған байланысты ұстап әкеткен. Чарло бұрын да қоқан-лоқы көрсеткені үшін сотты болған. Егер осы жолы оның кінәсі дәлелденсе, ол 2 жылдан 10 жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін.  

Кәсіпқойда 31 жастағы Чарло 32 жекпе-жегінің бәрінде жеңген (22 нокаут), WBC чемпионы атағын бірнеше рет қорғаған.

Еске салайық, бұл салмақта IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин, WBO титулы өзге амеркиалық Деметриус Андрадеде, ал WBA "суперчемпионы" - жапониялық Риота Мурата.

Айта кетейік, Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қазақстандық боксшымен жекпе-жек ұсынып отыр, ал PBC опциясын таңдаса "Канело" Джермалл Чарломен жұдырықтасу керек еді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport