Бокс
Бүгін 16:13
 

"Канелоға" аболют үшін айқас орнына Головкинмен жұдырықтасуды ұсынды

  Пікірлер

blog.share

"Канелоға" аболют үшін айқас орнына Головкинмен жұдырықтасуды ұсынды ©AllBoxing

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (62-2-2, 39 KO) жанкүйерлер асыға күткен жекпе-жектер аталды. Олардың қатарында қазақстандық Геннадий GG» Головкинмен (42-2-1, 37 KO) төртінші жекпе-жек те бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (62-2-2, 39 KO) жанкүйерлер асыға күткен жекпе-жектер аталды. Олардың қатарында қазақстандық Геннадий GG» Головкинмен (42-2-1, 37 KO) төртінші жекпе-жек те бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

4 мамырға қараған түні Альварес IBF титулына ие кубалық Уильям Скуллмен (23-0, 9 KO) кездесіп, абсолют чемпион атағын қайтаруға тырысады. Алайда Bolavip басылымының жазуынша, көпшілік мексикалық боксшы мүлдем басқа қарсыластармен жекпе-жек өткізгенін қалайды.

"Канелодан" асыға күтетін айқастар

"Көпшілік негізінен "Канело" Давид Бенавидеспен жекпе-жекке шығады, Дмитрий Биволмен қарымта өткізеді немесе тіпті Геннадий Головкинмен ностальгиялық айқас өткізеді деп күтіп отыр. Бірақ қазіргі жағдай мүлде басқаша: 2025 жылдың 3 мамырында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Сауль Альварес әлі жеңіліп көрмеген кубалық Уильям Скуллмен жекпе-жек өткізеді", – деп жазады басылым.

Айта кетейік, америкалық Давид Бенавидес (30-0, 24 KO) қазіргі таңда жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпионы. Бұл белбеу оған ресейлік Дмитрий Биволдың (24-1, 12 KO) титулдан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз келді. Бивол "Канелоны" жеңген екінші боксшы. Сондықтан Альварестің өзі де онымен қарымта кездесу өткізуді қалайды.

Ал Геннадий Головкин Альварестің карьерасындағы басты қарсыластардың бірі болды. Екеуі алғаш рет 2017 жылдың қыркүйегінде рингте кездескен. Ол жекпе-жек тең нәтижемен аяқталып, дау тдырған. 2018 жылы өткен екінші жекпе-жекте жеңіс Саульге бұйырды. Ал трилогия 2022 жылдың қыркүйегінде өтті. Бұл жолы да төрешілер жеңісті Канелоға берді. Қазіргі таңда бұл Головкиннің соңғы жекпе-жегі болып тұр.

Альварестің жоспары басқа

Биыл мексикалық боксшының қарсыласы ретінде жанкүйерлер жоғарыда аталған боксшылардың бірін көруі екіталай. Егер Альварес Скуллды жеңсе, ол 2025 жылдың 13 қыркүйегінде америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 KO) кездесуді жоспарлап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!