Бокс
17 қыркүйек 2018 09:47
 
"Канелодан" жеңілгеннен кейін Головкин рингке бұл жылы шықпайды

  Пікірлер

blog.share

"Канелодан" жеңілгеннен кейін Головкин рингке бұл жылы шықпайды © Тұрар Қазанғапов

Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жылдың ең үлкен жекпе-жегі - қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта кездесу өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр боксшылар дәл осы орында жұдырықтасқан болатын, алайда, ол кезде жеңімпаз анықталмады. Кездесу тең аяқталған болатын. Қарымта кездесу де толық 12 раунд өтіп, төрешілер шешімі бойынша Альварес жеңіске жетті (115-113, 115-113, 114-114). Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды және ол WBC, WBA (Super) мен IBO белбеулерінен айырылып қалды.

Бұл жекпе-жек Головкин үшін биыл соңғы болуы мүмкін. Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкинге демалыс бермек екенін айтады. 

"Жоқ оны қаламамймын. Головкин демалып алғаны жөн. Ол бірнеше тамаша жекпе-жек өткізді, енді демалыс алу керек. Содан кейін ғана - келесі жылдың басында залға оралады, мамырда жекпе-жек өткізу үшін", - деп жауап берді Санчес Головкиннің жыл соңында жұдырықтасуы жайлы сұраққа. 

Жарнама

Живи спортом!