Бокс
Кеше 10:05
 

"Канелодан" Головкин үшін есе қайтаратын қазақ боксшының есімі айтылды

  Пікірлер

blog.share

"Канелодан" Головкин үшін есе қайтаратын қазақ боксшының есімі айтылды ©Boxingscene.com

Бірінші жартылай орта салмақта чемпион болған британиялық боксшы Амир Хан (34-6, 21 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бірінші жартылай орта салмақта чемпион болған британиялық боксшы Амир Хан (34-6, 21 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібектің мықтылығының сыры

"Жәнібек – керемет боксшы. Оның күші көп және үстемдігі бар. Мен оны құрметтеймін. Шынымды айтсам, бокста оның жолы жақсы болатынын сеземін. Себебі ол – мықты, жинақы, тәртіпті. Кейінгі айқасында ол қарсыласын оп-оңай нокаутқа түсірді", – деді Хан Qazsport телеарнасының эфирінде.

Еске салайық, 5 сәуір Астанада Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін қорғаған болатын.

Головкин мен өзінің есесі

Сондай-ақ, Хан болашақта Әлімханұлы мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 KO) жекпе-жек өткізе алатыннына үмітті. Айта кетейік, британиялық боксшы "Канелодан" 2016 жылы нокаутпен жеңілген.

"Мен үшін Канело – ең үздік боксшылардың бірі. Мүмкін, бір күні Жәнібек онымен кездесіп, сіздердің GGG (Геннадий Головкин) үшін қарымта қайтарар. Жәнібек нық өсіп келеді, Альвареспен айқасу мүмкіндігіне жетіп қалар. "Канело" – ұлы чемпион және нағыз аңыз", – деді Хан.

Еске салайық, Альварес пен Головкин үш рет жекпе-жек өткізген. Барлығы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болды: алғашқысы 2017 жылдың қыркүйегінде даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде мексикалық төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 2022 жылдың қыркүйегінде Альварес тағы да жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!