"Канело" WBC ұйымының жарнамалық өкіліне айналды
Орта салмақта WBC, IBF және WBA чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жарнамалық өкілі атанды, - деп хабарлайды vringe.com ұйым президенті Маурисио Сулейманға сілтеме жасап.
Оның сөзінше, енді дивизионның әр жекпе-жегінде Альварес ресми түрде WBC өкілі болады.
"Канело" WBC әр жекпе-жегінде біздің франшиза өкілі болады", - дейді Сулейман.
Барлық мән-жайды кейін хабарлайтынын айтқан Кеңес басшысы бұл сөз нені білдіретін түсіндірмеді.
Дэниел Джейкобсты жеңіп, белбеулерді біріктірген "Канело" WBC ұйымында қарсылас таңдауда басымдық алатыны аталып өтілді.