"Канело" сөзінде тұру керек. DAZN сарапшысы трилогия уақытын атады
Қазіргі таңда DAZN стриминг қызметіне жұмыс істейтін бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Серхио Мора, World Boxing News порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек мүмкіндігі жайлы ойын айтты.
"Головкин титул жеңіп алғаннан кейін "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасу керек. Бұл үшін екі оңтайлы уақыт бар - қыркүйек, мексикалықтар Тәуелсіздік күнін тойлағанда және мамырдағы "Синко де Майо".
Осы күндері мерекелерде мексикалық боксшылар күнкөріс қаражатын тапқан. Чавес пен Де Ла Хойя да солай істеген. Головкин - "Канело" трилогиясы 2020 жылы мамырда өтуі тиіс.
Қазір ақша бәрін шешеді, сондықтан бұл екі жігіт бір-біріне керек. "Канелоны" түсінем, ол Головкинмен 24 раунд өткізген. Меніңше, "Канело" екі жекпе-жекте де жеңді. Ары кеткенде Головкин бір ұпаймен басым болар еді. Бірақ мен "Канело" жеңді деген ойдамын.
Екіншісінде "Канело" сөзсіз жеңді. Бұл менің жеке пікірім. Альварестің айтқаны бар: "Ол жігітті екі рет жеңдім, енді ол маған не ұсына алады? Алдымен белбеу иеленсін". Головкин мұны жасады. Енді трилогия уақыты келді", - дейді Мора.