Бокс
24 қаңтар 2019 15:46
 
"Канело", Сондерс пен Лемье андеркартында жұдырықтасқан". Жүкембаевтың қарсыласы

  Пікірлер

blog.share

"Канело", Сондерс пен Лемье андеркартында жұдырықтасқан". Жүкембаевтың қарсыласы © Eye Of Tiger Managment

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) Eye of the Tiger Management компаниясындағы клубтасы канадалық Ив Улисспен (17-0-1, 9 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандық боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Жақында Жүкембаевтың командасы оны ТОП-30 рейтингіне кіретін боксшымен жұдырықтасуы мүмкін екенін құлағдандырған. Мәлімет көзінің ақпаратынша, келіссөздер бірнеше боксшымен жүргізіліп жатыр, соның ішінде, Улисс те бар. 

30 жастағы Улисс Eye of the Tiger Managment компаниясындағы болашағынан үміт зор боксшылардың бірі екенін айта кетейік. Ол бірнеше рет АҚШ-та жұдырықтасқан: мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО), британиялық Билли Джо Сондерс (27-0, 13 КО) және канадалық Давид Лемье (40-4, 34 КО) андеркартында. 

Улисс қазір BoxRec рейтингінде 12-ші тұр. WBC рейтингінде алтыншы, IBF - сегізінші, WBO көшбасшылары тізімінде - он бірінші. Ал 27 жастағы Жүкембаев BoxRec рейтингінде 22-ші тұр.

Жарнама

Живи спортом!