Соңғы уақытта промоушен жұмысына наразы Кансио гонорарды көтеру мен беделді ареналарда жекпе-жек өткізуді сұраған.
Ал өткен сенбіде Индио қаласындағы бокс кешінде Кансио никарагуалық Рене Альварадодан (32-8-0, 21 KO) жеңіліп, WBA "регуляр" белбеуінен айырылды. Америкалық қабағы жарылғандықтан жетінші раундтан кейін жұдырықтасудан бас тартты.
"Жеңген болсам, бәрін реттейтін едік. Ал жеңіліп қалғандықтан, мен жай ғана "лақтырып" тастады. Маған көзіңді құрт та, карьераң тоқтап қалғандығынан ләззәт ал деді. Осылай. Менің үстімнен сызып тастады", - дейді Кансио жағдайға қатысты.
Айта кетейік, Кансио былтыр көктемде қазақстандық Айдар Шәрібаевті WBA Intercontinental белбеуі үшін жекпе-жекте жеңген еді. Ол кезде Шәрібаев екі рет нокдаунға түсті, ал оныншы раундта оның командасы рингке ақ орамал тастады. Бұл қазақ боксшының кәсіпқойдағы алғашқы жеңілісі еді.