WorldBoxingNews порталы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі тиіс уақытты атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында трилогия екінші орта салмақта өтіп, онда Альварестің төрт титулы сарапқа салынатыны айтылған еді.
Головкин мен "Канело" айқасының уақыты мен өтетін жері таңдалды
"Канелоны" Флойд Мейвезерден кейін жеңген боксшы Головкин ғана болуы мүмкін. 2017 жылы қазақстандық "Канелодан" басым түскенімен, төрешілер оның ақысын жеді. Бірақ бір жылдан кейін Альварес тамаша бокс көрсетіп, жеңіске жетті. Дегенмен бұл да осы уақытқа дейін дау тудырып келеді.
2021 жылы желтоқсанда Головкин Риота Муратамен жұдырықтасу керек еді. Алайда бұл жекпе-жек шегерілді, ал жаңа уақыты әлі бекітілмеді. DAZN "Канелоның" бапкері Эдди Рейносоға екі боксшыны қарсылас ретінде ұсынды. Дмитрий Бивол және тағы бір адам. Ал PBC опциясы бойынша Джермалл Чарло мен Илунга Макабу бар. Дегенмен әрқайсында бір жеңістен болатындай етіп есе қайтару, Головкин мен "Канелоны" 2022 жылдың 7 мамырында жұдырықтастыратын катализаторға айналары сөзсіз", - деп жазады басылым.