Бокс
8 сәуір 2019 09:41
 
"Канело" мен Golden Boy қытығына тию". Головкин бұрынғы қарсыласының жолын кеспек

  Пікірлер

blog.share

"Канело" мен Golden Boy қытығына тию". Головкин бұрынғы қарсыласының жолын кеспек © Getty Images

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазастандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін 2019 жылдың маусымында өткізетіні белгілі. Бұл DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша бірінші кездесу болады. 

Қазіргі таңда қарсылас іздеу жалғасып жатыр. WBN мәліметінше, қарсылас болуы мүмкін боксшылар арасында британиялық Джон Райдер (27-4, 15 КО) бар. "Горилла" лақап атын иеленген боксшы екінші орта салмақта WBA рейтингінде бірінші тұр. 

Райдер орта салмақта бұрынғы чемпион канадалық Давида Лемьеге (40-4, 34 КО) қарсылас болу ықтималдығы жоғары еді. Олардың жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) және IBF белбеуіне ие америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) кездесуінің андеркартында өту керек еді-мыс.

Сонымен қатар, Райдер екінші орта салмақта WBA "суперчемпионы", отандасы Каллум Смитпен (25-0, 18 КО) жұдырықтасады деген қауесет бар.

Бастапқыда қазақстандық боксшының маусымдағы жекпе-жегіне The Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болу керек еді. Алайда ол отандасы Джермалл Чарлоны (28-0, 21 КО) қарсылас етіп таңдады.

Осыдан кейін Головкин камерундық Хасан Н’Дам Н’Джикам, поляк Камил Шеремета және америкалық Деметриус Андраденің бірімен жұдырықтасу мүмкін екені айтылды.

Айта кетейік, 2015 жылы Головкин сегізінші раундта Лемьені техникалық нокаутпен жеңген. Канадалық боксшы мен "Канелоның" ісін Golden Boy Promotions жүргізеді.

Жарнама

Живи спортом!