Бокс
13 шілде 2018 14:35
 

"Канело" мен Чарлоға қарағанда Головкинмен жұдырықтасу оңай". Мексикалық ешкімнен қорықпайтынын айтады

  Пікірлер

blog.share

"Канело" мен Чарлоға қарағанда Головкинмен жұдырықтасу оңай". Мексикалық ешкімнен қорықпайтынын айтады © MMABoxing

Алғашқы орта салмақта WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (29-0, 25 КО) отандасы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін және бұл қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаннан ауыр болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды vringe.com.

- "Канело" Альвареспен жұдырықтасқыңыз келе ме?

- Ешкімді жекпе-жекке шақырып көрмеппін. Головкинмен жұдырықтасуды ұсынды, келістім. Қазір өз салмағымда чемпионмын, иә, "Канеломен" жұдырықтасқым келеді. 

- Головкинмен жекпе-жекке ойланбастан келістіңіз?

- Ешкімнен қорықпаймын. Головкин мен сияқты адам. Оған да таяқ өтеді. Мүмкіндік болса, жұдырықтасамын. 

- Қай жекпе-жек жеңіл дер едіңіз: Головкин, "Канело" әлде Чарломен?

- Головкинмен деп ойлаймын. Өйткені ол алдыңда тұрады, ал "Канело" мен Чарло көп қозғалады. 

- Головкин мен Альварестің қарымтасы қалай өтеді?

- Бұл жекпе-жек алғашқысына ұқсайтынын сеземін. "Канело" бір орында Головкинмен соққы алмасып тұра береді дегенге сенбеймін. 

Еске салайық, Мунгуйя отандасы Сауль "Канело" Альварестің допинг дауына байланысты Головкинге қарсылас ретінде қарастырылған. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) бұған рұқсат бермеді. Өйткені мексикалық 12 раундтық жекпе-жек өткізіп көрмеген және АҚШ-та бір рет қана жұдырықтасқан. Осыдан кейін Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген болатын.

blog.share
Алғашқы орта салмақта WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (29-0, 25 КО) отандасы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін және бұл қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаннан ауыр болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды 
com/">vringe.
com
.


- "Канело" Альвареспен жұдырықтасқыңыз келе ме?

- Ешкімді жекпе-жекке шақырып көрмеппін.
Головкинмен жұдырықтасуды ұсынды, келістім.
Қазір өз салмағымда чемпионмын, иә, "Канеломен" жұдырықтасқым келеді.
 

- Головкинмен жекпе-жекке ойланбастан келістіңіз?

- Ешкімнен қорықпаймын.
Головкин мен сияқты адам.
Оған да таяқ өтеді.
Мүмкіндік болса, жұдырықтасамын.
 

- Қай жекпе-жек жеңіл дер едіңіз: Головкин, "Канело" әлде Чарломен?

- Головкинмен деп ойлаймын.
Өйткені ол алдыңда тұрады, ал "Канело" мен Чарло көп қозғалады.
 

- Головкин мен Альварестің қарымтасы қалай өтеді?

- Бұл жекпе-жек алғашқысына ұқсайтынын сеземін.
"Канело" бір орында Головкинмен соққы алмасып тұра береді дегенге сенбеймін.
 

Еске салайық, Мунгуйя отандасы Сауль "Канело" Альварестің допинг дауына байланысты Головкинге қарсылас ретінде қарастырылған.
Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) бұған рұқсат бермеді.
Өйткені мексикалық 12 раундтық жекпе-жек өткізіп көрмеген және АҚШ-та бір рет қана жұдырықтасқан.
Осыдан кейін Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген болатын.

Жарнама

Живи спортом!