Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, Киев қаласының мэрі Виталий Кличко АҚШ билігіне ресейлік боксшы Дмитрий Биволды Америка жеріне кіргізбеуін сұрады.
"Бұл жекелеген спортшыға қатысты шара емес. Барша ресейлік атлеттерге қарсы қысым көрсетілуі тиіс. Биволға АҚШ жерінде жекпе-жек өткізуге тыйым салу керек. Бүкіл әлем елдері Ресейге қарсы жан-жақты қысым көрсетілгені Укриана үшін маңызды", - деді боксшы Marca басылымына берген сұхбатында.
Бивол мен Альварес кездесуі 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.