Бокс
8 қаңтар 10:02

Канело қазақты неге қолдап жүр? Шымкенттік нокаутшының оқиғасы

©YouTube-тегі видеодан скрин

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбет (13-0, 11 КО) атақты мексикалық Сауль Канело Альварестің (62-2-2, 39 КО) командасына қалай келгенін айтып берді. 

"Бізді қолдап жүрген Suleimen Promotion жабылып қалғаннан кейін, Канелоның бапкері маған Instagram арқылы жазып, сол жерге келуді ұсынды. Мен сол жаққа ұшып бардым, Канело және өзге де мексикалық жігіттермен Сан-Диегода бірге жаттықтым", - дейді Бек. 

Сонымен қатар, Бек оған Америкада жекпе-жектерді кім ұйымдастырып беретінін де айтты:  

"Мен Канелоның салмағында жұдырықтасамын. Ол рейтингте бірінші, ал мен 14-орындамын. Олар менен бірдеңе шығады деп ойлайды деп үміттенемін. Менде менеджер жоқ, сондықтан Канелоның бапкері Эдди Рейносо маған жекпе-жектер ұйымдастыруға көмектеседі", - дейді қазақ боксшы. 

Еске салайық, Бек кейінгі рет  Сан-Джасинтода өткен бокс кешінде "Бандит" лақап атты мексикалық Хоакин Мурриета Лусионы (13-13-3, 11 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport