Бокс
20 желтоқсан 2017 10:00
 

"Канело" қашпағанда Головкин оны нокаутқа түсірер еді - Джеймс Тони

  Пікірлер

blog.share

"Канело" қашпағанда Головкин оны нокаутқа түсірер еді - Джеймс Тони © boxingscene.com

Үш салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы 49 жастағы америкалық Джеймс Тони WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, боксшылардың осыған дейін өткен кездесуінде Головкин "Канелоны" барынша соққыға жықты. Сондықтан енді алда өтетін реванш барлығын шешу керек.

"Головкин мен Альварес реванш өткізуі тиіс. Себебі Головкиннің мақсаты мұнда оны нокаутқа түсіру болды. Альварес одан қашпағанда Головкин мақсатына жетер еді. Головкин мен сияқты қалтқысыз жұдырықтасады. Үнемі қысым көрсетіп отырады. Ол Альварестің басына мен денесіне соққы жасай отырып, оны жықты. Альваресті әлжуаз болып көрінуге мәжбүр етті", - деп келтіреді BoxingScene.com басылымы Джеймс Тонидің сөзін 

Еске сала кетейік, Головкин-"Канело" 16 қыркүйекте Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп, тең есеппен аяқтаған еді. Тараптар қазіргі уақытта келесі жылы мамыр айында өтетін реванш жайлы келіссөздер жүргізіп жатыр.

blog.share
Үш салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы 49 жастағы америкалық Джеймс Тони WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Оның айтуынша, боксшылардың осыған дейін өткен кездесуінде Головкин "Канелоны" барынша соққыға жықты.
Сондықтан енді алда өтетін реванш барлығын шешу керек.


"Головкин мен Альварес реванш өткізуі тиіс.
Себебі Головкиннің мақсаты мұнда оны нокаутқа түсіру болды.
Альварес одан қашпағанда Головкин мақсатына жетер еді.
Головкин мен сияқты қалтқысыз жұдырықтасады.
Үнемі қысым көрсетіп отырады.
Ол Альварестің басына мен денесіне соққы жасай отырып, оны жықты.
Альваресті әлжуаз болып көрінуге мәжбүр етті", - деп келтіреді BoxingScene.
com басылымы Джеймс Тонидің сөзін 

Еске сала кетейік, Головкин-"Канело" 16 қыркүйекте Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп, тең есеппен аяқтаған еді.
Тараптар қазіргі уақытта келесі жылы мамыр айында өтетін реванш жайлы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Жарнама

Живи спортом!