Америкалық боксшы Дэвид Бенавидес (29-0, 24 КО) кәсіпқой бокста екінші орта салмақтағы чемпион мексикалық Сауль Канело Альварес (62-2-2, 29 КО) неге өзімен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін түсіндірді.
Давидтің ойынша, Канело одан сескенеді."Шынын айтқанда, ол неге жекпе-жекке шыққысы келмейтінін білмеймін. Ол неге бұл айқасты қаламайды? Неге бұл жекпе-жек өтпеске? деп ойландым. Бұл сұрақты қойған сайын, ол мені жеңе алмайтынын білген соң ғана менімен жұдырықтасқысы келмейтінін түсінемін. Шынымен солай ойлаймын", - деп береді Бенавидестің сөзін BoxingScene.
"Мен өзіме әрдайым 100 пайыз сенімдімін, не істесемде. Ал оған менімен айқасу үшін ұсынған сомма - ададм сенгісіз ақша. Ол өзіне сенімсіз. Мен Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенімді дәлелдеу үшін бәрін жасадым, бірақ, айқас өтпесе, бұл тек оның кінәсінен. Мүмкін оған менімен кездесу үшін 200 миллион доллар керек шығар, мен білмеймін", - дейді америкалық боксшы.
Еске салайық, Канело кейінгі рет қыркүйек айында жұдырықтасып, тегі пуэрториколық Эдгар Берланганы (22-1, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта дивизиондағы белбеулерін қорғап қалды.