Белгілі басылым қазақстандық боксшыны тамаша нокаутттан кейін тізімге кіргізді. 10 қазан Лас-Вегастағы жекпе-жекте Жәнібек екінші раундта-ақ аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) ауыр нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, рейтингте бірінші өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тұр. Ал The Ring чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес.
The Ring тұжырымынша орта дивизионның топ-10 тізімі мынадай:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан);
2. Джермалл Чарло (АҚШ);
3. Деметриус Андраде (АҚШ);
4. Сергей Деревянченко (Украина);
5. Риота Мурата (Жапония);
6. Камил Шеремета (Польша);
7. Кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания);
8. Роб Брант (АҚШ);
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания);
10. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).