Бокс
26 ақпан 2019 10:22
 

"Канело" Головкиннің мықтылығын мойындады және Джейкобспен салыстыру жасады

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкиннің мықтылығын мойындады және Джейкобспен салыстыру жасады © xsport.ua

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылдың қыркүйегінде Головкин - Альварес жекпе-жегі тең аяқталып, бұл нәтиже бокс әлемінде үлкен шу шығарған болатын. 12 айдан кейін төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы жеңіліс болатын, ол соның салдарынан WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

Альварес Головкиннен тартып алған титулдарын 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте қорғайды. Мексикалықтың айтуынша, ол америкалық боксшының кез келген стиліне дайын.

"Мығым боксшылар немесе қиын боксшылар болады. Джейкобста аз-аздан екі стиль де бар. Ол әрі мығым, әрі қиын. Головкин - тек алға ұмтылатын өте мықты боксшы, бұл жекпе-жекте үлкен қиындық туғызады. Бірақ олардың стильдері әртүрлі.

Бізді ауыр жекпе-жек күтіп тұр, себебі Джейкобста қажетті менталитет бар. Мені қуантатыны - ол бәріне дайын. Кез келген тосқауылды бұзып өтетін табанды боксшымен жақсы жекпе-жек өтеді. Мамырда жақсы қарсыласпен жұдырықтасатыныма қуаныштымын, менің әр жекпе-жектен қалайтыным - осы.

Ол - рингті кез келген боксшыға қарсы пайдалана біледі. Бойшаң, күшті, жылдам. Бірақ ол маған қарсы қалай жұдырықтасайын деп жүргенін білмеймін. Менің нақты айта алатыным - біз оның кез келген стиліне дайынбыз.

Біз жүз пайызға жаттығып, қажетті күні толық дайын боламыз. Бұл ауыр кеш болатыны белгілі. Мұндай деңгейде сен кез келген стильге дайын болуың керек", - деді Альварес.

Айта кетейік, Джейкобс та Головкинмен жекпе-жек өткізген еді. 2017 жылы наурызда қазақстандық боксшы оны төрешілер шешімімен жеңген. Джейкобс бір рет нокдаунға түскенімен, GGG-ге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашы боксшы атанды.

blog.share
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


2017 жылдың қыркүйегінде Головкин - Альварес жекпе-жегі тең аяқталып, бұл нәтиже бокс әлемінде үлкен шу шығарған болатын.
12 айдан кейін төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.
Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы жеңіліс болатын, ол соның салдарынан WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.


Альварес Головкиннен тартып алған титулдарын 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте қорғайды.
Мексикалықтың айтуынша, ол америкалық боксшының кез келген стиліне дайын.


"Мығым боксшылар немесе қиын боксшылар болады.
Джейкобста аз-аздан екі стиль де бар.
Ол әрі мығым, әрі қиын.
Головкин - тек алға ұмтылатын өте мықты боксшы, бұл жекпе-жекте үлкен қиындық туғызады.
Бірақ олардың стильдері әртүрлі.


Бізді ауыр жекпе-жек күтіп тұр, себебі Джейкобста қажетті менталитет бар.
Мені қуантатыны - ол бәріне дайын.
Кез келген тосқауылды бұзып өтетін табанды боксшымен жақсы жекпе-жек өтеді.
Мамырда жақсы қарсыласпен жұдырықтасатыныма қуаныштымын, менің әр жекпе-жектен қалайтыным - осы.


Ол - рингті кез келген боксшыға қарсы пайдалана біледі.
Бойшаң, күшті, жылдам.
Бірақ ол маған қарсы қалай жұдырықтасайын деп жүргенін білмеймін.
Менің нақты айта алатыным - біз оның кез келген стиліне дайынбыз.


Біз жүз пайызға жаттығып, қажетті күні толық дайын боламыз.
Бұл ауыр кеш болатыны белгілі.
Мұндай деңгейде сен кез келген стильге дайын болуың керек", - деді Альварес.


Айта кетейік, Джейкобс та Головкинмен жекпе-жек өткізген еді.
2017 жылы наурызда қазақстандық боксшы оны төрешілер шешімімен жеңген.
Джейкобс бір рет нокдаунға түскенімен, GGG-ге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашы боксшы атанды.

Жарнама

Живи спортом!