Бокс
16 қазан 2018 12:21
 
"Канело" Головкиннен тартып алған белбеуді тағып тұрып, уәде берді

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкиннен тартып алған белбеуді тағып тұрып, уәде берді "Канело" Альварес бапкерлерімен. Сурет: boxingscene.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) орта салмақтағы чемпиондық белбеуін табыстау салтанатында ұйым намысын чемпионға лайық қорғауға уәде берді. 

Головкин WBC рейтингінде бірінші орынға шықты

Салтанатты шара Мехикодағы Соумайя мұражайында өтті. Альвареске белбеуді ұйым президенті Маурисио Сулейман табыстады.

"Мен WBC чемпионымын, барплықтарыңыздың алдында бұл белбеуді мақтан етіп тағып, оны двизионымдағы мықтыларға қарсы қорғауға уәде беремін, - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com. Қуанышта да, қайғыда да маған қолдау білдіргендерге алғыс білдіремін. Биыл мен үшін ауыр жыл болды. Карьерамды құртатын ештеңе жасамас едім, бірақ, қасымнан табылғандарға алғысым шексіз. WBC басынан-ақ отбасымдай болды. Мексикалық чемпион болу үлкен жауапкершілік. Бірақ мен бұл жауапкершілікті мойныма аламын, өйткені батыл және тәртіпті боксшымын. Madison Square Garden алаңында жұдырықтасқан әрбір боксшыны сыйлаймын, алайда, мен мұнда өз тарихымды жазбақпын. Бұл менің қалдырар мұрамның жаңа бөлімі". 

Жақсылап тұрып сабап жіберемін - Альварестің Головкиннен кейінгі алғашқы қарсыласы

Альварес бұл белбеуге қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңген соң ие болып отыр. Боксшылардың қарымтасы 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен.

Жарнама

Живи спортом!