Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Генадий Головкин арасындағы үшінші кездесу туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды fightnews.info. Сонымен қатар, ол мексикалық боксшының Дмитрий Биволға қарсы карымта кездесу жайлы да ой бөлісті.
"Мен бірер күн бұрйын "Канеломен" сөйлестім. Дүйсенбі күні ары қарайғы жоспарларымыз туралы тағы сөйлесеміз. Қыркүйекте абсолют чемпиондықты беретін Головкинмен кездесу бар екенін білеміз. Білуімше бұл абсолют чемпиондыққа жетудің жалғыз жолы. Сондықтан біз осы жекпе-жекті өткізуге барымызды саламыз. Бірақ "Канело" Биволмен қарымта кездесу өткізуді қатты қалап отыр.
Меніңше, "Канело" Биволға қарсы қарымтадан кейін ғана Головкинмен кездесуге келіседі. Сондықтан біз дүйсенбіде сөйлесіп, шешімге келеміз" - дейді Хирн.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың мамыр айының басында "Канело" Дмитрий Биволға есе жіберіп, Головкинмен өтуі керек болған үшінші кездесудің тағдыры басқаша өрбуіне тура келген еді.