"Канело" Головкинмен айқаста нені мақсат етіп отырғанын айтты
Мексикада жүрген Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жергілікті БАҚ сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Мексикада жүрген Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жергілікті БАҚ сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды vRINGe.com.
- "Канело", сіздің әуестігіңіз көп. Соның бірі - ән салу. Сол туралы және досыңыз Герард Ортиспен дуэтпен ән салу мүмкіндігі жайлы айтып беріңізші.
- Ән салғанды ұнатамын. Алайда қолымнан келмейтіндіктен, бұл мүлде басқа әңгіме. Ән салғанды қоя тұрайық.
- Ең үлкен құштарлығыңыз не?
- Бокс - міне ең үлкен құштарлығым.
- Трилогия бойынша, басты ойыңыз Головкинді зейнетке шығару ма?
- Иә, менің мақсатым сол - Головкинді зейнетке жіберу! Бұл мақсатыма жету үшін, тамаша жаттығу лагерін өткіземін.
- Бұл жекпе-жекке қалай дайындалып жатырсыз. Жеңіліске қарамастан әлі де қатарда екеніңізді көрсетіп жатырсыз.
- Бұл өмір. Бір жерде ұтасың, өзге жерде ұтыласың. Бұрын да айтып өткендей, ұлылыққа жету үшін талай асулар мен кедергілерден өту керек. Бір, үш немесе он бола ма - бұл сенің мақсатқа жете алмайтыныңды білдірмейді. Мен әлі жолдан тайғам жоқ.
- Кейінгі айқастан не түйдіңіз және келесі жекпе-жекке не алып барасыз?
- Алға жылжу. Болмауы керек дүниелер болып жататыны бар. Бірақ қалай болды, солай. Бұрынғы тәртіппен ілгері жүріп, істеген қателіктерді қайталамауым қажет.
Жарнама