Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші айқас Лас-Вегаста өтетінге ұқсайды, деп жазады reviewjournal.com. Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн трилогияны өткізуге таласта осы қала басымдыққа ие екенін айтты.
Хирннің сөзінше, алдын ала белгіленген күн - 17 қыркүйек, дегенмен, бұл соңғы шешім емес.
"Альварес бұл айқас туралы сөз етуді ұнатпайды, бұл Дмитрий Биволға құрмсетсіздік деп есептейді. Мұны сенбі күні жеңіске жетсе, өзі айтатын шығар", - дейді промоутер.