"Канело" Головкинді айқын жеңу үшін барын салады - сарапшы
Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші айқаста анық басымдыққа жету үшін барын салатынына сенімді екенін айтты.

Головкин Альваресті жеңе алмаса не болатынын айтты
"Головкин - "Канело" үшін ең қауіпті қарсылас. Мексикалық екеуара айқастан кейін өткізген кез келген жекпе-жек бұған дәлел. Ешбір қарсылас Геннадий секілді нағыз алпарыс көрсеткен жоқ. Жақсы қарсылық көрсеткендер болды, бірақ, GGG-мен сияқты даулы жағдай тумады. Үшінші кездесу "Канелоға" керек. Ол басымдығын айқын көрсету керегін түсініп отыр. Ол рингтегі ең мықты айқасын көрсетуге тырысады. Егер бұл жекпе-жек өтсе, трилогия ел аузында қалатындай аяқталары сөзсіз", - дейді МакКафери.
Жарнама