Мексикалық Сауль "Канело" Альварес спорттық карьерасын әлі аяқтамаған үздік боксшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Канелоның" нұсқасы бойынша 27 жастағы америкалық нокаутшы Джервонта "Танк" Дэвис (27-0-0, 25 KO) әлемдегі үздік боксшы.
"Менің ойымша "Танк" үздік боксшы. Ол өте ақылды және мықты. Сөзсіз Дэвис өз-өзіне сенімді", -дейді Альварес.
Джервонта Дэвис соңғы рет рингке мамыр айының соңында шығып, отандасы Роландо Ромероны (14-1-0, 12 KO) жеңген еді.