Бокс
20 желтоқсан 2017 10:03
 

"Канело" екінші кездесуге келісімін берді. Енді Головкиннің жауабын күтіп отырмыз - Golden Boy президенті

  Пікірлер

blog.share

"Канело" екінші кездесуге келісімін берді. Енді Головкиннің жауабын күтіп отырмыз - Golden Boy президенті © Golden Boy Promotions

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім берді.

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында енді Головкиннің командасының келісімін алу ғана қалғанын айтады.

"Келісімге қол қоюға аз қалды. "Канело" жұдырықтасқысы келеді. Енді маңызыды тұстарын шешіп алсақ болғаны.

Басты мақсатымыз - қарымта жекпе-жек. Мұны Сауль де, дүйім жұрт та қалап отыр. Рождество қарсаңында келіссөздерді жандандырып, бір шешімге келерміз. Головкиннің өкілдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Том Леффлер қазір Германияда. Ол Геннадиймен сөйлеседі, біз оның жауабын күтеміз", - дейді Гомес.

Мұның алдында Том Леффлер қарымта жекпе-жекті 5 мамырда өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді. Әзірге жекпе-жектің өтетін жері әлі белгісіз.

Ал GBP промоутерлік компаниясының негізін қалаушы  Оскар Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегі алғашқы кездесу болған Лас-Вегас қаласында өту керек деген ойда. Сонымен қатар, бұл жекпе-жекті Нью-Йорктегі Madison Square Garden және Техастағы AT&T Stadium қабылдауға дайын.

blog.share
Мексикалық
Сауль
"Канело"
Альварес
қазақстандық
Геннадий
Головкинмен
қарымта
жекпе-жек
өткізуге
келісім
берді.
/>
/> Golden
Boy
Promotions
компаниясының
президенті
Эрик
Гомес
ESPN
Deportes
басылымына
берген
сұхбатында
енді
Головкиннің
командасының
келісімін
алу
ғана
қалғанын
айтады.
/>
/> "Келісімге
қол
қоюға
аз
қалды.
"Канело"
жұдырықтасқысы
келеді.
Енді
маңызыды
тұстарын
шешіп
алсақ
болғаны.
/>
/> Басты
мақсатымыз
-
қарымта
жекпе-жек.
Мұны
Сауль
де,
дүйім
жұрт
та
қалап
отыр.
Рождество
қарсаңында
келіссөздерді
жандандырып,
бір
шешімге
келерміз.
Головкиннің
өкілдерімен
жұмыс
істеп
жатырмыз.
Том
Леффлер
қазір
Германияда.
Ол
Геннадиймен
сөйлеседі,
біз
оның
жауабын
күтеміз",
-
дейді
Гомес.
/>
/> Мұның
алдында
Том
Леффлер
қарымта
жекпе-жекті
5
мамырда
өткізу
туралы
келіссөздер
жүргізіп
жатқанын
айтқан
еді.
Әзірге
жекпе-жектің
өтетін
жері
әлі
белгісіз.
/>
/> Ал
GBP
промоутерлік
компаниясының
негізін
қалаушы 
Оскар
Де
Ла
Хойя
Головкин
-
"Канело"
жекпе-жегі
алғашқы
кездесу
болған
Лас-Вегас
қаласында
өту
керек
деген
ойда.
Сонымен
қатар,
бұл
жекпе-жекті
Нью-Йорктегі
Madison
Square
Garden
және
Техастағы
AT&T
Stadium
қабылдауға
дайын.
Бокс Головкин Геннадий Головкин - Альварес

Жарнама

Живи спортом!