Қазақстандық Геннадий Головкин осы жолы Сауль "Канело" Альваресті жеңе алады, өйткені мексикалықтың соққы жасауда күші азайып кеткен, деп хабарлайды boxingnews24.com.
"Канело" баяулап қалған, Головкин оны оңдырмайды, өйткені мексикалық жұлдыз әр раундта бірнеше соққыдан артық жасай алмайтын болған.
Альварес қартайып қалды. Ол кейінгі қарсыластары Англия мен Теннессиден шыққан әлсіз чемпион болғандықтан аман құтылып, баяулығы білінбей қалды.
Головкин күшінің арқасында көбірек соққы жасап, "Канелодан" асып түседі. 2018 жылы мексикалықтан допингке айналатын кленбутерол табылғанын есепке алсақ, оның лагерінде есірткіге тест жүргізу маңызды. Бұл оның енді бүлінген ет жемейтініне көз жеткізу үшін қажет", - делінген мақалада.
Сонымен қоса, басылым алдыңғы екі жекпе-жекке де бағасын берді.
"Бокс сүйер қауымның көпшілігі Головкин екі айқаста да жеңіске лайық еді деп есептейді. Қарымтада кемінде тең түскен болатын. Өйткені алтыншы раундтан кейін "Канело" шаршап қалып, ойын ойнай бастады.
"Канело" бірінші жекпе-жектегідей алты раундтан кейін қызарып, қажып, Головкиннен соққы жеп отырды", - деп қорытындылады басылым.