"Канело" Биволды Головкинге теңеді

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) 7 мамырдағы қарсыласы ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) нақты қалай жұдырықтасу керегін білетінін айтады, деп хабарлайды vRINGe.com.
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) 7 мамырдағы қарсыласы ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) нақты қалай жұдырықтасу керегін білетінін айтады, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Ол Геннадий Головкин мен Сергей Ковалевке ұқсайды. Бірақ менде түрлі стилдегі боксшылармен жекпе-жектің тәжірибесі молырақ. Міне осы мені мықты боксшы етіп отыр. Сондықтан басты мақсат - Биволдың джебін пайдасыз ету. Иә, мұны қалай істеу керегін білемін. Ковалевке қарағанда ол жақсы дайындықпен келеді. Ковалевтен ақылдырақ деген ойдамын. Олардың стилдері ұқсас: джебті көб ұрады, жақын келу өте қиын", - дейді Альварес.
Жарнама