"Канело" 100 миллион доллардың ұсынысынан бас тартыпты
Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Premier Boxing Champions компаниясының 100 миллион доллар кепілді төленетін екі жекпе-жек өткізу ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, оның орнына Альварес үш айқас өткізу бойынша DAZN ұсынысын қабыл алды.
Эррол Спенс пен Джермалл Чарлоның ісін жүргізетін TGB Promotions компаниясының басшысы Том Браун "Канелоға" Чарломен айқас үшін 45 миллион долларға кепілдік берген екен. Мексикалық боксшы жеңіске жеткен жағдайда Эррол Спенс немесе Давид Бневидеспен кездесу үшін Альвареске тағы 55 миллион төленетін болған.
Жарнама