Орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін қазақ боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) мен британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жекті Қазақстанда қай канал көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл жекпе-жек 26 ақпан, сенбі күні таңертең Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өтеді. Оны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қанат Ислам кейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың ақпан айында өткізіп, жетінші раундта эквадорлық боксшы Джейсон Миндуді (14-6-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді.