Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам (28-0, 22 КО) алдағы мамыр айында жаттығуға қайта кіріседі. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз айтып берді.
"Бірнеше апта бұрын Қанат Стамбулда (Түркия) болды. Қазір ол Қазақстанда, өз отбасының жанында" - дейді ақпарат беруші.
Оның айтуынша қазақстандық боксшының келесі кездесуі алдағы маусым айына жоспарланған. Алайда, қарсыласы туралы ақпарат әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штаты, Майами қаласында эквадорлық Джейсон Миндуға (14-4-1, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, жетінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңген болаиын. Кездесуден кейін қазақстандық супер орта салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексиандық Сауль "Канело" Альваресті (55-1-2, 37 КО) жекпе-жекке шақырды.
Атап өтейік, Қанат Ислам жылына екі жекпе-жек өткізіп отыруды жоспарлауда. Ал ақпанда өткен кездесу боксшының 2019 жылдың қазанынан кейінгі өткізген алғашқы жекпе-жегі болатын.