Бокс
15 сәуір 2021 15:34
 

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды Қанат Ислам. Фото: Qazaq Promotions©

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам (28-0, 22 КО) алдағы мамыр айында жаттығуға қайта кіріседі. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз айтып берді. 

blog.share

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам (28-0, 22 КО) алдағы мамыр айында жаттығуға қайта кіріседі. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз айтып берді. 

"Бірнеше апта бұрын Қанат Стамбулда (Түркия) болды. Қазір ол Қазақстанда, өз отбасының жанында" - дейді ақпарат беруші. 

Оның айтуынша қазақстандық боксшының келесі кездесуі алдағы маусым айына жоспарланған. Алайда, қарсыласы туралы ақпарат әлі белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штаты, Майами қаласында эквадорлық Джейсон Миндуға (14-4-1, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, жетінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңген болаиын. Кездесуден кейін қазақстандық супер орта салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексиандық Сауль "Канело" Альваресті  (55-1-2, 37 КО) жекпе-жекке шақырды. 

Атап өтейік, Қанат Ислам жылына екі жекпе-жек өткізіп отыруды жоспарлауда. Ал ақпанда өткен кездесу боксшының 2019 жылдың қазанынан кейінгі өткізген алғашқы жекпе-жегі болатын. 

Жарнама

Живи спортом!