Бокс
19 қараша 2019 14:17

Қанат Ислам WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың бестігіне кірді

© instagram.com/islamkanatqazaq
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) барлық дивизиондағы жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Рейтингте орта салмақта WBO International белбеуіне ие қазақстандық Қанат Ислам үш саты жоғарлап, бесінші орынға тұрақтады. Одан кейін өзге қазақ боксшы WBO Global титулы бар Жәнібек әлімханұлы тұр - 13-тен алтыншы орынға көтерілді. 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (WBO Global титулына ие) сегізінші орыннан қозғалмады, ал бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі бар Жаңқош Тұраров орында.