Қанат Ислам танымал клубтың матчына барды
©Sputnik
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) футболдан Түркия чемпионатының матчында болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) футболдан Түркия чемпионатының матчында болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қанат Ислам ұлы екеуі 33-турда "Галатасарай" мен "Малатьяспор" арасындағы ойынды тамашалап, инстаграм парақшасына сурет жүктеді. Ал кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Галатасарай" Түркияның 22 дүркін чемпионы, 18 дүркін Кубок иегері және Суперкубоктің 16 дүркін жеңімпазы.
Еске салайық, Қанат Ислам соңғы рет 26 ақпанда британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) рингке шығып, карьреасында тұңғыш рет жеңістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды.
Жарнама