Бокс
26 ақпан 2022 13:56

Қанат Ислам жеңіліп қалған бокс кешінің толық видеосы шықты

©fightnews

Белгілі былғары қолғап шебері Қанат Ислам (28-1, 22 КО) кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жиырма тоғызыншы кездесуін британиялық Джеймс Килрэйн Келлиге (26-2, 10 КО) қарсы өткізген жерлесіміз ұпай санымен есе жіберді. Төрешілер 95:95, 96:94 және 97:93 ұпайын Келлиге берді. Осылайша, орта салмақта WBO Global вакантты титулы сарапқа салынған айқаста британиялықтың мерейі үстем болды.

Еске салайық, Қанат Ислам осыған дейін эквадорлық Джейсон Александр Миндуды (14-6-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Төмендегі трансляцияда Қанат Ислам мен Джеймс Келли арасындағы жекпе-жектің видеосы 5:06:17 минуттан басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport