Бокс
27 мамыр 2017 14:04
 
Қанат Ислам Альварестің бұрынғы қарсыласымен Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам Альварестің бұрынғы қарсыласымен Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен америкалық Джеймс Киркленд Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, боксшылардың өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жекке қатысты мәселелерді талқылап жатыр. Кездесу Астанада 9 қыркүйекте өтуі мүмкін. Тараптар жақын арада келісімге келу керек.

Айта кетейік, 33 жастағы Джеймс Киркленд осыған дейін 2015 жылдың мамыр айында мексикалық  Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Америкалық боксшы 34 кездесу өткізіп, олардың тек екеуінде жеңіліске ұшыраған. Сондай-ақ, Альварестен басқа ол Головкиннің бұрынғы қарсыласы жапон боксшысы Нобухиро Ишиде жеңілген болатын.

Ал қазақстандық Қанат Ислам бүгін 24-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің бірінші раундында отандасымыз басымдығын көрсеткен. Алайда Гонсалес қарымта соққы жасай бастады. Тіпті денесіне жасаған соққылары дарып жатты. Бірақ Қанат Ислам сенімді жұдырықтасты.

Жарнама

Живи спортом!