"Канададағы бесінші қазақстандық". Рингке оралған кәсіпқойлар
© vk.com/kazproboxing
23 жастағы кәсіпқой боксшы Жандос Қыдыралиев (1-0, 1 КО) бокстағы мансабын Канадада жалғастыратын бесінші қазақстандық болып отыр. Сонымен қатар, Міржан Жақсылықов (10-3, 4 КО) та шаршы алаңға оралады. Толығырақ Vesti.kz материалынан оқыңыздар.
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын Қыдыралиев Канададағы Батыр Жүкембаев (12-0, 10 КО), Абылайхан Құсаинов (8-0, 5 КО), Нұрзат Сабыров (5-0, 5 КО) және Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) сияқты қазақстандық боксшылар қатарына қосылады.
© vk.com/kazproboxing
Жандостың кәсіпқой бокстағы мансабы екі жыл бұрын басталған. Қытайда өткен алғашқы жекпе-жегін ол техникалық нокаутпен жеңген. Енді бокстағы ары қарайғы жолын Канадамен байланыстырып отыр, қазір боксшы жаттығуларға кірісіп кетті.
Сонымен бірге, 7 қыркүйекте 32 жастағы Міржан Жақсылықов Челябі қаласында қырғызстандық Акжол Сулайманбек уулумен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу 10 раундқа есептелген.
Міржан үшін бұл соңғы екі жылдағы бесінші жекпе-жек болады (бұған дейін үш рет жеңіліп, 1 рет қана жеңген). Кәсіпқой боксқа 2008 жылы келген Жақсылықов тоғыз жеңіске жеткен, алайда, 2010 жылдан 2016 жылға дейін боксшы шаршы алаңға шыққан жоқ.
Сурет Жандос Қыдыралиевтің жеке парақшасынан
2009 жылы Міржан жартылай жеңіл салмақтағы PABA белбеуіне ие болған. Ал 2016 жылы екінші жартылай жеңіл салмақта World Boxing Council Asian Boxing бCouncil Silver белбеуін жеңіп алды. Бұл жекпе-жекте Міржан Римера Метудамен (12-3-1, 7 КО) жұдырықтасып, оны алғаш рет жеңген боксшы болды.

Жарнама