Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Странджа кубогіндегі жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіден аса салмақта өнер көрсететін қазақстандық Софиядағы турнирде Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтасу керек болған.
"Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Странджа рингіне шықпады. 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет", - делінген хабарламада.