Қазақстандық боксшылар Кельнде өткен халықаралық турнирде алты жүлде жеңіп алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
91 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев және 91 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай турнир жеңімпазы атанды.
Германияда өткен турнирдің күміс жүлдегерлері: Сәкен Бибосынов (52 келі), Оразбек Асылқұлов (57), Ертуған Зейнуллинов (63) пен Нұрбек Оралбай (81). Бұл жарысқа Асланбек Шымбергенов (75) те барып, бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Турнирдің жүлделік есебі бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орында.