Қамшыбекті Қазақстан құрамасынан "шығарып тастады"
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов іріктеу турнирлерінде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алуға қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов іріктеу турнирлерінде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алуға қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
– Құрамамыз Италияда Олимпиадаға алты жолдама жеңіп ала ма?
- Бұл оңай болмайды. Алдымен Еуропалық және Америкалық ойындар, одан кейін Африка ойындары мен Океяния турнирі өтті. Әрбір салмақта лизенция алмаған мықты боксшылар бар. Сондықтан бәсеке жоғары болады. Дегенмен Италия, одан кейін Таиландта мақсатымызға жетуге бар күшімізді саламыз. Ринг - қасиетті орын. Онда түрлі жағдайлар болады. Әр боксшының артында қолдап тұрған елі бар, бәрі лицензия алғысы келеді. Сондықтан Италияда нашар көрсеткіш үшін нақты бір боксшыларды алып тастаймыз деп әзірге айта алмаймыз. Уақыт көрсетеді. Ал Италияға Спартакиадада жеңіске жеткендер барады. Тек алты боксшы.
Ал Қоңқабаевқа қатысты, ол Италияға бармайды. Қазір біздің федерация өзге елдермен келіссөз жүргізуде. Мүмкін, Қамшыбек шетелге оқу-жаттығу жиынына аттанады", - деп береді Айтжановтың сөзін Meta-ratings.kz.
Жарнама