Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айқас MTK Fight Night ертең, 27 ақпан Алматыда өткізетін бокс кешінің басты оқиғасы болады.
Қамшыбектің қарсыласы украиналық Сервер Эмурлаев (23-1, 9 КО). Бұл кездесуде WBO Asia Pacific титулы сарапқа салынады.
Екі боксшы да 200 фунт (90,718 келі) салмаққа дейінгі лимиттен аспады.
Еске салайық, Қоңқабаев бастапқыда британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасу керек болған еді.