Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол жыл соңы Алматыда өтетін айқасына дайындалу үшін Мәскеуге аттанды.
"Күндердің сұлтаны жұма мүбәрәк болсын баршамызға. Бұйырса жыл соңында Алматы қаласында өтетін кезекті жекпе-жегіме дайындықты Мәскеу қаласында пысықтайтын боламын. Алла сапарымды сәтті етіп, ойдағыдай жақсы дайындықпен келіп, сіздерге жарқын жеңіс сыйлауды нәсіп етсін. Амандықта жүздескенше", - деп жазыпты Қамшыбек Instagram желісінде.
Айта кетейік, бұл уақытта бокстан Қазақстан құрамасы он күннен кейін Сербия астанасы Белградта басталатын әлем чемпионатына дайындалуда. Қоңқабаев жаттығу жиындарына қатысады деп жоспарланған еді, алайда, ол бапкерлер штабына жиынға келмейтінін ескертіпті.