Бокс
15 қазан 2021 10:56
 

Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының орнына кәсіпқойда жекпе-жекке шығады

  Пікірлер

blog.share

Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының орнына кәсіпқойда жекпе-жекке шығады ©Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол жыл соңы Алматыда өтетін айқасына дайындалу үшін Мәскеуге аттанды. 

"Күндердің сұлтаны жұма мүбәрәк болсын баршамызға. Бұйырса жыл соңында Алматы қаласында өтетін кезекті жекпе-жегіме дайындықты Мәскеу қаласында пысықтайтын боламын. Алла сапарымды сәтті етіп, ойдағыдай жақсы дайындықпен келіп, сіздерге жарқын жеңіс сыйлауды нәсіп етсін. Амандықта жүздескенше", - деп жазыпты Қамшыбек Instagram желісінде.

Айта кетейік, бұл уақытта бокстан Қазақстан құрамасы он күннен кейін Сербия астанасы Белградта басталатын әлем чемпионатына дайындалуда. Қоңқабаев жаттығу жиындарына қатысады деп жоспарланған еді, алайда, ол бапкерлер штабына жиынға келмейтінін ескертіпті.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!