Астанадағы бокс кешінен кейін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев ескі қарсыласы Баходир Джалоловпен жолықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рингтегі текетірес пен өмірдегі сыйластық
Бұл екі боксшының айқастары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы спорттық бәсекелестікті қыздыра түсетін. Рингтен былай кезде боксшылар бір-бірін құрмететйтін азаматтар екен.
"Спортта екеуміз қарсылас болсақ та, өмірде екеуміз доспыз енді. Мына белің кәсіпқойдағы белбеулерге де толсын", - деп Қамшыбек Баходирге кигізген шапанның белін осындай тілекпен тартып берді.
Боксшылар әуесқойда жетістікке жеткен
Қамшыбек Қонқабаев Қазақстан құрамасындағы көшбасшы боксшылардың бірі болған, қазір ол әуесқойдағы карьераасын аяқтады. Ешқандай үзіліс алмаған Джалолов өз жанкүйерлерін кәсіпқойдағы жетістіктерімен қуантып жатыр. Ал Баходирдің әуесқойдағы карьерасы тіптен жарқын болды: Олимпиаданың екі дүркін чемпионы (2020, 2024), екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2023), Азия ойындарының чемпионы (2022) және Азияның үш дүркін жеңімпазы (2017, 2019, 2021).
Еске салайық, Джалолов Астанадағы бокс кешіне қатысып, украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 КО) ұпай санымен жеңді. Украиналық боксшы бұл айқаста үшінші раундта нокдаунға түсті. Дегенмен бұл Джалолов қарсыласын нокаутқа түсіре алмаған кәсіпқойдағы бірінші айқас болды. Жеңіске жеткеніне қарамастан Баходир осы айқастан кейін сынға ұшырады.
Жарнама