Калеб Плантты сұлатқан "Канело" әлемнің абсолют чемпионы атанды
31 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес бокстан супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
31 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес бокстан супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ол бүгін, яғни, 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекке шығып, "Канелоның" WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетпей, 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін қарсыласын нокаутқа түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Альварестің қатарынан жеңген сегізінші жекпе-жегі. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіссіз қайтқан. Бұл мексикалықтың мансабындағы 57-жеңіс, 39-шы мерзімінен бұрынғы жеңіс. Ал Плант алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Оның қанжығасында 21 жеңіс бар.
Айта кетейік, "Канело" жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Жарнама