Бокс
19 ақпан 2019 14:07
 
"Қалай сезінерін көреміз". Ахмедовтың "Канело" мен Сондерс дивизионына өтуіне қатысты маман пікірі

  Пікірлер

blog.share

"Қалай сезінерін көреміз". Ахмедовтың "Канело" мен Сондерс дивизионына өтуіне қатысты маман пікірі Али Ахмедов: Сурет Vesti.kz

ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой Али Ахмедовтың (13-0, 10 КО) салмақ дәрежесін ауыстыруына қатысты пікр білдірді.

Бүгін, 19 ақпанда бұл туралы промоутер Том Леффлер мәлімдеді. 

"Ахмедов бұрын қанша салмақ қуғанын білмеймін, бірақ, тағы үш келі тастау оңай болмайды. Алғашқы жекпе-жектерде қалай сезінетінін көреміз. Екінші орта салмақта кеңістік үлкен, сондықтан осы дивизион таңдалды. Мұнда екі белбеу бос тұр және титул үшін жұдырықтасу мүмкіндігі бұрынғы дивизионнна жоғары.

Екінші жағынан Костя Цзю бұдан көп салмақ тастаған. Бұл оған тамаша бокс көрсетуге кедергі болмады. Меніңше, бәрі Ахмедовтың қолында. егер болмай жатса, өз дивизионына қайта алады", - дейді Демьяненко.

Мұның алдында мексикалық Хильберто Рамирес осы салмақта WBO белбеуін босатты, бұл титул үшін енді британиялық Билли Джо Сондерс (27-0, 13 КО) пен германиялық Шефат Исуфи жұдырықтасады.

Супер орта салмақта WBA Regular чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-2-1, 34 КО). Бұл тұжырым бойынша суперчемпион - британиялық Каллум Смит (25-0, 18 КО). IBF бебеуі америкалық Калеб Плантта. Ал WBC және WBO белбеулері бос тұр.

Еске салайық, Ахмедов негізін қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) қалаған GGG Promotions компаниясында.

Жарнама

Живи спортом!