Промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварестің мүмкіндігі туралы ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Сабап тастағанын қаламаймын". Экс чемпион "Канело" - Головкин айқасы жақсылықпен бітпейтінін айтты
"Ол жыртқышқа ұқсайды. Оның мойыны - менің санымдай. Ол шынымен жартылай ауыр салмақтың боксшысына айналып барады. Ол бұл дивизионда айқасты, алайда, Ковалев жасы келген ардагер еді. Ал Бвиол бабында. Ол жеңілмейтін боксшы. Өз салмағында ең мықты десе болар. Ол жас әрі Альварестен ірі. Алайда "Канело" жайдан жай "паунд" көш басында тұрған жоқ. Оның өз күшіне сенімі тым жоғары. Ал онымен тілдессең мүлде жеңілмейтіндей көрінеді. Ол тіпті Александр Усикті сабайтынына да сенімді", - дейді Хирн.